Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинеті хабарлайды:

14.10.2025

Ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі 3-5 қараша күндеріне жоспарланып отыр. Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің білім беру ұйымдарынан республикалық ғылыми жобалар байқауының сараптама кезеңінен облыстық кезеңге 10 жоба жұмысы мен 11 қатысушы ұсынылған.

Жобалар бойынша қорғау презентацияларын дайындайды. Презентацияны рәсімдеу талаптарына сай орындаулары тиіс, ережеде көрсетілген 6 беттен аспауы керек, қорғау уақыты 7-10 минут. Қатаң түрде регламент бойынша қорғайды.

Байқау Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы құрылыс-технологиялық колледжінің» базасында (Мекен-жайы: Көкшетау қаласы, Абылай хан даңғылы, 1а.) өтетін болады.

 

 Әдістемелік кабинет әдіскері С.Тасыбай

Просмотров: 1331


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу