«Самрук-Қазына «КЕГОК» Қайырымдылық қоры

    Қазақстан Республикасы Ағарту Министрлігі дәстүрлі жалпыреспубликалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының ашылуын жариялады. «Балалар жылында» бұл акция «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» ұранымен өтеді.

    Осы акция аясында халықтың әлеуметтік осал тобынан шыққан балаларды жаңа оқу жылына дайындау мақсатында демеушілік көмектер көрсетілді. Осындай демеушінің бірі - "Самрук-Қазына"  АҚ  халықтың әл-ауқатын көтеру қоры (SKKZ).

    Ауданымыздың әлеуметтік осал тобынан шыққан 1- сыныпта оқитын 115 балаға  кеңсе тауарлары салынған мектеп рюкзактары табыс етілді.

    «Самрук-Қазына «КЕГОК» қайырымдылық қорына алғысымызды білдіреміз.

    Өркендей берулеріңізге тілектеспіз. !!!

 

Орн: С.Тасыбай