"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАР ЖӘНЕ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДІҢ, ЛИЦЕЙЛЕР МЕН ГИМНАЗИЯЛАРДЫҢ МЕКТЕПАЛДЫ СЫНЫПТАРЫНДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ЕРТЕҢГІЛІКТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

12.03.2026

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жанындағы Балаларды ерте дамыту институты әзірлеген «Мектепке дейінгі ұйымдар және жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында Наурыз мерекесіне арналған ертеңгіліктерді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулыққа» сәйкес келесіні хабарлаймыз.

Наурыз мерекесін мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастыру барысында мерекелік іс-шаралардың мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі және тәрбиелік бағытта болуы тиіс. Іс-шаралар ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрлерді дәріптеуге, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталуы қажет.

Осыған байланысты мерекелік бағдарламаларды ұйымдастыру кезінде келесі талаптарды қатаң сақтау қажет:

  • балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін той, заманауи хит әндерді («Балқия», «Қызыл раушан», «Сен керексің» және т.б.) пайдалануға жол бермеу;

  • ересектерге арналған би элементтерін, күрделі хореографиялық қозғалыстарды қолданбау;

  • балаларға түсініксіз немесе тәрбиелік мәні жоқ музыкалық шығармаларды орындауға және бейнеклиптерді сахналауға жол бермеу;

  • музыкалық және сахналық материалдарды алдын ала әдіскерлермен келісу;

  • мерекелік бағдарламаның ұзақтығын 20–30 минуттан асырмау;

  • мерекелік шараларды аниматорлар мен ақылы қызмет көрсететін бөгде адамдарды шақырусыз өткізу ұсынылады.

Мерекелік іс-шараларда:

  • қазақтың халық әндері мен балаларға арналған әндерді;

  • ұлттық би элементтері мен ойын-би формаларын;

  • ұлттық ойындарды, театрландырылған көріністерді;

  • Наурыз дәстүрлерін (бата беру, шашу шашу, Наурыз көже дайындау және т.б.) қолдану ұсынылады.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру кезінде балалардың қауіпсіздігіне, эмоционалдық жай-күйіне және шаршап қалмауына ерекше назар аудару қажет.

Осы нұсқаулық талаптарын барлық мектепке дейінгі ұйымдарда қатаң басшылыққа алуды сұраймыз.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст