"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

5-8  сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар байқауының облыстық кезеңі

11.04.2025

2025 жылғы 10 сәуір күні Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының базасында 5-8  сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар байқауының облыстық кезеңі қашықтықтан өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – экологиялық мәселелерге қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Байқаудың негізгі міндеттері: 
✓ Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және белсенді өмірлік ұстанымын дамыту;
✓ Табиғи және жасанды экожүйелерді зерттеу мен сақтауға деген қызығушылықты қолдау;
✓ Оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін дамыту, туған өлкенің табиғатына құрметпен қарауды тәрбиелеу;
✓ Оқушыларды экологиялық бастамалар мен жобаларды іске асыруға тарту.
Байқау бағыттары:
1.«Туған өлке табиғаты» бағыты - туған өңірдің табиғи аймақтары мен экожүйелерінің бірегейлігін көрсететін виртуалды экскурсиялар, 3D-модельдер, интерактивті карталар т.б. (жеке жоба).
2.«Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем» бағыты- табиғат пен оның құбылыстарын бейнелейтін бейнетүсірілімдер, шағын документалды фильмдер, көркем әңгімелер, фотоэсселер (жеке жоба).
3.«Үздік экологиялық бастама» бағыты - экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жобалар, макеттер, экодизайн, аналитикалық зерттеулер, инфографикамен толықтырылған мәтіндік жобалар (командалық жоба, 2 қатысушыдан аспауы тиіс).
4.«Таза қала сізден басталады» бағыты - экологиялық акциялар, көгалдандыру, абаттандыру, фотоесептер, бейнежобалар және қалалық ортаны жақсартуға арналған аналитикалық материалдар (жеке жоба).
Байқаудың қорытындысы бойынша Целиноград ауданы бойынша 3 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, марапатталды.
Байқаудың облыстық кезеңінде 1 орын алған оқушылар республикалық кезеңге жолдама алды.
І-дәрежелі диплом марапатталды:
1. «Үздік экологиялық бастама»  бағыты бойынша Белан Максим - Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;
2. «Үздік экологиялық бастама»  бағыты бойынша Кореев Кирилл - Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;
ІІ-дәрежелі диплом марапатталды:
 «Мені 
«Туған өлке табиғаты» бағыты бойынша Сумина Ольга - Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ынтымақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;
Жеңімпаздары құттықтаймыз!
   Әдіскер    С.Тасыбай

Просмотров: 291


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст