CALL-ЦЕНТР
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
Нейрондық желілер әртүрлі интеллектуалды жүйелер құру кезінде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, бейнелерді өңдеу, роботтар мен үздіксіз өндірістерді басқару, сөйлеуді тану мен тудыру және көптеген басқа да динамикалық есептерді шешу үшін пайдаланады.
Целиноград ауданы Қажымұқан ауылының «Қошақан» бөбекжайының тәрбиешілері мектепке дейінгі білім беруді тәрбиелеу мен оқытуда жасанды интеллект технологияларын қолданады.
Нейрожелілер бізге не береді? Ең алдымен, уақыт үнемделеді, балалардың танымдық қызығушылығы артады. Цифрлық технологияға тәуелділік жоғары қоғамда балалар ақпараттық технологияны тез меңгеруіне оң әсерін тигізеді.
«Нейрожелілер арқылы суреттер салу, видеоматериалдарды дайындау арқылы педагогтердің білімін жетілдіруді алға қойдым. Кез-келген тақырыпта суреттер салуға арналған нейрожелілер: www.recraft.ai, www.picfinder.ai, www.fabula-au.com, https://magicstudio.com/ және https://studio.d-id.com/ нейрожелісі арқылы видео жасаймыз.
Көрсетілген нейрожелілер арқылы балалардың айтқан сөздерінен түрлі суреттер шығаруға болады. Қиялға ерік беріп, өмірде жоқ қиял-ғажайып ертегі құрастыруға болады. Балабақша топтарын ерекше сәндеу үшін де тақырыптық суреттер салуға болады. Қолданылу аясы кең, тегін нейрожелінің балалар үшін берері мол. Ертегі кейіпкерлерін балалардың көзқарасы бойынша салып, өз кейіпкерлеріне жан бітіреді»,- деп айтты бөбекжайдың әдіскері Эльмира Донбаева.