"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хабарландыру

30.04.2019

«Целиноград ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бос орынға орналасуға конкурс жариялайды:

Целиноград  ауданы  білім  бөлімінің «Семеновка ауылы №11негізгімектебі» мемлекеттік  мекемесінің  басшысы.

Целиноград  ауданы  білім  бөлімінің «Семеновка  ауылы № 11 негізгі мектебі» мемлекеттік  мекемесі Целиноград ауданы, Семеновкаауылы, тел.8(71651)33-684, жалпы орта білім беру қызметін жүзеге асырады;

         Біліктілікке қойылатын талаптар:Жоғары (немесежоғарыоқуорнынанкейінгі) педагогикалықбілім,  педагогикалықжұмысөтілікемінде бес жыл, оныңішіндебасшылықлауазымдағыжұмысөтілікеміндебіржыл, шағынжинақтымектептепедагогикалықжұмысөтілікеміндеүшжыл, басшылықлауазымдағыжұмысөтіліталапетілмейді, біріншінемесежоғарыбіліктіліксанатыныңжәне (немесе) "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" санатыныңболуы (мемлекеттікқызметшілерді, техникалықжәнекәсіптік, орта білімненкейінгібілім беру, жоғарыжәне (немесе) жоғарыоқуорнынанкейінгібілім беру ұйымдарының, әдістемелікқызметтердіңқызметкерлерінқоспағанда).

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.
      Лауазымдық міндеттері:Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауға дайындауға қатысады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.

Лауазымдық жалақы мөлшері: 120 000 (жүз жиырма мын) теңге.

Конкурсқа қатысуға өтінімді беру мерзімі мен оны қабылдау орны:Құжаттар конкурс өткізу туралы  хабарландыру аудандық «Вестник Акмола», «Есіл -Нұра» газеттерінде соңғы жарияланған күннен бастап, 7жұмыс күн ішінде Целиноград ауданы, Ақмол ауылы,Наурыз көшесі 34,   мекен-жай  бойынша тапсырылуы  тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

         2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

         3) білім туралы құжаттың көшірмесі;

         4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

         5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

         6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

         7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі  (бар болса);

         8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907  бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

         9) соттылығының жоқ екенін туралы анықтама;

         10) Мектепті дамытудың перспективалық жоспары.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері нотариалды немесе жұмыс орнының кадрлық қызметі тарапынан куәландырылады. Көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың Конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық адрестер: Анықтама үшін телефон: 8716 51 30-540, 8716 5130 393, zelinograd@mail.ru

                Осы лауазымға орналасқан адамға көтермеақы төленбейді, тұрғын үй мен жеңілдіктер берілмейді.

 

Целиноград ауданының білім бөлімі.

 

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 30.04.2019 16:51
Құрылған күні: 30.04.2019 16:51

Текст