Сапалық тамақпен қамтамасыз ету барысын анықтайтын ведомство аралық сараптаушы тобының құрылуы туралы
28.02.2022
Білім және ғылым министрлігінің «Жалпы орта білім беретін мекемелердегі тамақтануды дұрыс ұйымдастыру ережесін бекітуі туралы» 2018 жылы 31 қазандағы 110 тармақша 3 бөлімі №598 бұйрығының орындалуы мақсатында, білім беру мекемелеріне сапалы тамақтану мониторингін жүйелі түрде жүруін тексеру комиссиясын құру жөнінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Сапалы тамақпен қамтамасыз ету барысын анықтайтын ведомствоаралық сараптаушы тобы келесі құрамда құрылсын:
- Серик Кайырұлы Тасыбай – білім бөлімінің әдіскері
- Айнұр Айтбайқызы Елеуова - білім бөлімінің бас маманы
- Айткуль Аманжоловна Кабыкенова - білім бөлімінің әдіскері
- Азамат Нұркенұлы Куаныш – Целиноград аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы (келісім бойынша)
- Азамат Женісұлы Канапиянов – «Нұр Отан» партиясының Целиноград аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)
- Ляззат Амангельдиновна Конырбаева – Целиноград аудандық Мәслихатының депутаты (келісім бойынша)
- Айнагуль Бахитовна Сарсенова – ата-аналар қоғамдастығының өкілі
(келісім бойынша)
2. Сапалы тамақпен қамтамасыз ету барысын анықтайтын ведомсвоаралық сараптаушы тобының ережесін бекіту (қосымша1).
3. Жалпы білім беретін мектеп басшылары көрсетілген форма 2 негізінде есебі мен атқарған жұмыстары жөнінде мәлімет тапсырсын.
4. Бұйрықтың орындалуын қадағалауды білім бөлімінің әдіскері С.К. Тасыбайға жүктелсін.
Басшы Қ. Ахметов