CALL-ЦЕНТР
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
«Балабақшадағы жобалық қызмет» аудандық семинар
Өткізілген күні: 18.04.2025жыл
Өткізілген орны: Целиноград ауданы, Софиевка ауылы
Ұйымдастырушы: «Жарқын Ай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Аудандық балабақша педагогтары үшін ұйымдастырылған жобалық қызмет тақырыбындағы семинар үлкен қызығушылық тудырды. Семинарға мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардың педагогтары қатысты, олар балабақшадағы білім беру қызметін жаңа тәсілдермен дамыту мен жетілдіруге бағытталған практикалық тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардың негізгі мақсаты — балабақшада жобалық қызметтің маңыздылығын түсіндіру, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және олардың қызығушылықтарын арттыру үшін тиімді әдіс-тәсілдерді ұсыну.
Семинар соңында қатысушылар жобалық қызметтің балабақшадағы білім беру сапасына ықпал ететіндігіне тағы бір рет көз жеткізді. Семинарды қорытындылай келе, әр қатысушы өз тәжірибесін, идеяларын бөлісіп, алдағы уақытта жаңа жобаларды іске асыру үшін ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.