Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеленушілердің қауіпсіздігі
21.02.2024
20.02.2024 ж.сағат 10.00-де аудан әкімінің орынбасары А. К. Айткужинованың төрағалығымен кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Мемлекеттік балабақшалардың меңгерушілері, «Мектепке дейінгі ұйымдардың Қазақстандық Қауымдастығы» ЖТмЗТБ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Ш.к. Өтегенова, заңгер А. С. Айсин, аудандық полиция бөлімінің инспекторы А. Б. Бөлегенов қатысты.
Мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі балалардың өмірі мен денсаулығына қатысты мәселелерді қарастырылды. Атап айтқанда:
- жол қозғалысының, тұрақ орындарының, жол белгілерінің шарттары;
- терроризмге қарсы паспорттың болуы;
- тұрақты бейнебақылау (ғимараттың ішінде де, сыртында да);
- тәрбиеленушілердің ата-аналарына арналған профилактикалық жиналыстар ( балалардың қауіпсіздігіне қатысты ішкі тәртіп ережелерін түсіндіру).