5-қыркүйек Қазақстан Республикасының Тілдер күні!
5-қыркүйек Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған іс-шаралар ұйымдастырылып, жоспар құрылды. Күнделікті іс шаралар жоспар бойынша өткізілді.
Мақсаты: Балабақша тәрбиеленушілерін қасиетті ана тілімізге деген сүйіспеншілікті арттыру, ана тіліміздің қадір-қасиетін біліп, сөз құдіретін түсіне білуге баулу; ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту; тіл мәртебесін арттыруға атсалысуға тәрбиелеу.
2-қыркүйек Тілдер мерекесіне арналған іс-шаралардың өткізілуі туралы жоспармен танысты.
3-қыркүйек күні барлық топ арасында «Тілдер әлеміне саяхат» тақырыбында кітап көрмесі өтті. Балалардың туған тілге деген түсініктерін дамыту мақсатында өткізілді. https://www.facebook.com/share/p/fCa4Zu2xNGKTVRtH/
4-қыркүйек «Тіл - ұлттың тірегі» тақырыбында сурет көрмесі өтті, балаларға тіл туралы түсінік беріп, тілге деген құрмет, сүйіспешіліктері дами түсті. Балалардың ана тілімізге деген сүйіспеншіліктері арттыру мақсатында ұйымдастырылды. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02BDZekyXaNM3fkUB9LEukUEGu3oXPkrhqma8KbX4FyMWWXMkp7ML1MLWbQfHVyZLQl&id=100073132936349
5-қыркүйек «Ұшқыр ой мен шешен тіл» тақырыбында интеллектуалды ойын мектепалды даярлық топ балаларымен өтті. Балалардың ойлау қабілеттерін,тапқырлықтарын арттыру мақсатында жүргізілді.
https://www.facebook.com/share/p/MXq3CA2bCbvqbRim/
6-қыркүйек «Бала тілі бал» тақырыбында балабақшаға жаңадан келген балалармен ашық сұхбат жүргізілді. https://www.facebook.com/share/p/hBPTK6FN2sRFEYb5/
«Тілге құрмет - ұрпаққа міндет» тақырыбында аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқының тілдер мерекесінің онкүндігінің ашылуына мектепалды даярлық топ балалары өзге тілде тақпақтар жаттап қатысты.
10-қыркүйек «Тіл мәртебесі - ел мәртебесі» тақырыбында ата-аналар мен тәрбиешілер, әдіскерлер арасында аудандық тілдер орталығының мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.