16.05.2023
«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қамқоршылық кеңесін құру туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы «Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №355 бұйрығына сәйкес «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қамқоршылық кеңесінің құрамына қабылдау жүріп жатқандығын хабарлайды.
Қамқоршылық кеңес мүшелеріне үміткерлер 16 мамыр бен 29 мамыр аралығында тиісті білім беру ұйымдарына өтініш тапсыруы тиіс.
Қамқоршылық кеңестің құрамына:
1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері;
3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса) кіреді.
Қамқоршылық кеңестің құрамына:
• білім беру ұйымының басшысымен туыстық және жекжаттық қатынасы бар тұлғалар;
• сол білім беру ұйымы қызметкерлері;
• психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұратын адамдар;
• Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде көзделген шектеулері бар тұлғалар кіре алмайды.
Ескерту: Қамқоршылық кеңеске мүше болу үшін өтініштері аудандық білім бөліміне өткізіледі.