CALL-ЦЕНТР
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» ММ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың бекітілген қағидалары негізінде, Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығында конкурс жариялайды.
Конкурстық рәсім 16 жұмыс күнін құрайды.
1) 3 күн ішінде – Қағидалардың 14-тармағына сәйкес құжаттарды қабылдау;
2) 5 күн ішінде – конкурс комиссиясы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы қарайды;
3) 5 күн ішінде – көзбен шолып тексеру мақсатында комиссия ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін/сәйкессіздігін анықтау үшін аталмыш ұйымға барады;
4) 3 күн ішінде – комиссия аталмыш ұйымның осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі/сәйкессіздігі туралы хаттама жасайды және ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 26.03. – 2024 жылдың 28.03., сағат 18.00-дейін, Наурыз көшесі, 34, 3 қабат, 306 кабинет, Целиноград ауданының білім бөлімі.