«Мектепке дейінгі білім беруде жасанды интеллект: үздік тәжірибелер»
Заман талабына бой түзеген Қажымұқан ауылының «Қошақан» бөбекжайы 12 желтоқсан күні бөбекжайдың туған күнімен бірге
«Мектепке дейінгі білім беруде жасанды интеллект: үздік тәжірибелер» тақырыбында аудандық семинарды өткізді.
Қазіргі түрлі девайстар көбейген заманда балаларды қызықтыру қиынға соғады. Бөбекжайдың креативті әдіскері мен педагогтары
өздерінің үнемі ізденісте екенін көрсетті. Бөбекжай бүлдіршіндері әр ұйымдастырылған іс – әрекетке қызығушылықпен қарап, тапсырмаларды сүйсіне орындады.