CALL-ЦЕНТР
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
1.Жалпы ережелер.
1)«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша Қосшы ауылының «Ерке-2016» балабақшасы» ЖШС, Талапкер ауылы, Қабанбай батыр к-сі 23үй, 8(700) 1989307
2)Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Білім беру ұйымы 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Барлық қызметтер тегін ұсынылады.
- Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау – 40 ( электронды-ақпарат.жүйесі), 0 - (қағаз түрінде);
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау - 2 (Мемлекеттік корпорация).
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:
«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша Талапкер ауылының «Ерке-2016» балабақшасы» ЖШС -дағы мемлекеттік қызметтер туралы стенд, Талапкер ауылы, Қабанбай батыр к-сі 23 үй.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша әрекет
1) 2021жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар «Мемлекеттік қызмет көрсету дағдыларын жетілдіру» тақырыбында біліктілік жетілдіру курстарынан өтті.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:
1) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижесі: 2021 жылы барлығы 40 (2020жылы- 40)мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: akmola.kz жүйесі арқылы-40, Мемлекеттік корпорация арқылы - 2, қағаз түрінде-0 :
2) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына, сондай-ақ мерзімдерін бұзуға, оның ішінде ХҚКО арқылы және электрондық түрде шағымдар түскен жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері – мониторинг жүргізілген жоқ.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру, мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында балабақшамен мақсатты жұмыс жүргізілуде. Сонымен, 2021 жылы:
- әлеуметтік желілерде және балабақша стендінде қызмет алушыларды мемлекеттік қызметтерді akmola.kz жүйе арқылы алу мүмкіндіктері туралы танымал ету және ақпараттандыру бойынша мәлімет көрсетілді;
- балабақшаның ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орналасқан, онда ғаламторға қолжетімділігі бар ноутбук, картридер, принтер-сканер бар;
- «Педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» қызметі бойынша ақпараттық стенд ресімделді;
- Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша жүйелілік жұмыс жүргізілуде.
№ |
Атауы |
Мемлекеттік қызмет көрсету саны |
Қызмет көрсетілді |
1. |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау |
1 |
40 |
2. |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау |
1 |
2 |
/public/files/2022/4/7/070422_181848_zaklyuchenie-kaz.docx