Целиноград ауданында аудандық тамыз конференциясының секциялық отырысы

14.08.2026

Целиноград ауданында аудандық тамыз конференциясының секциялық отырысы өтті
2026 жылғы 14 тамызда Целиноград ауданында *«Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі»* тақырыбында аудандық тамыз конференциясының *секциялық отырысы хакатон форматында* өтті.
Іс-шараға *300-ден астам педагог пен балабақша меңгерушілері* қатысты. Секциялық отырыстың мақсаты – білім беру жүйесіндегі заманауи үрдістерді талқылау, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды білім беру мазмұнына кіріктіру, адами капиталды дамытудағы педагогтің рөлін айқындау және тәжірибе алмасу.
Хакатон барысында қатысушылар топтарға бөлініп, білім беру саласының өзекті мәселелеріне негізделген *кейс тапсырмаларын* орындады. Әр топ ұсынылған кейсті талдап, нақты шешу жолдары мен практикалық ұсыныстарын әзірледі. Жұмыс нәтижелері *TEDx форматында* қорғалып, қатысушылар өз идеяларын қысқа, мазмұнды әрі креативті түрде ұсынды.
Еркін пікір алмасу, командалық жұмыс және практикалық шешімдерге бағытталған хакатон форматы педагогтердің кәсіби белсенділігін арттырып, жаңа идеялар мен тиімді тәжірибелерді ортаға салуға мүмкіндік берді.

Просмотров: 1222


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу