2026 жылғы 6–7 тамыз күндері Ақмол ауылының мектеп-гимназиясы базасында аудандық жұмыс тобының қатысуымен аудан мектептерінің даму бағдарламаларын зерделеу жұмыстары
07.08.2026
2026 жылғы 6–7 тамыз күндері Ақмол ауылының мектеп-гимназиясы базасында аудандық жұмыс тобының қатысуымен аудан мектептерінің даму бағдарламаларын зерделеу жұмыстары өткізілді.
Зерделеу барысында 49 білім беру ұйымының даму бағдарламалары қаралып, олардың мазмұны мен іске асырылу барысына талдау жүргізілді. Қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарына даму бағдарламаларын жетілдіруге бағытталған әдістемелік ұсынымдар берілді.
Бұл жұмыстар мектептердің стратегиялық жоспарлау сапасын арттыруға және даму бағдарламаларының тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Просмотров: 1483