25.10.2021 ж тұрғылықты жері бойынша емес аудан мектептерінде оқитын Целиноград ауданының оқушыларын жеткізу туралы мәліметтер
Білім бөлімінің балансында 31 мектеп автобусы бар. Тасымалдауды ұйымдастыруға 28 мектеп автобусы жұмылдырылды
Күнделікті тасымалдаумен 2589 оқушы қамтылды;
- Шалғайдағы елді мекендерде тұратын 750 оқушы;
- Мемлекеттік мекемеден (яғни ауыл ішінде) 3 километрден аспайтын қашықтықта тұратын 1839 оқушы.
2021 жылы жергілікті бюджет есебінен - 2 мектеп автобусы, облыстық бюджет есебінен - 2 мектеп автобусы сатып алынды.
Жылдан жылға Қосшы қаласының мектептерінде оқушылар контингенті артып келеді. "Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1256 қаулысына сәйкес оқушыларды тасымалдау білім беру ұйымдары мектепалды және мектеп жасындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылар тұрақты тұратын елді мекеннен 3 километрден астам қашықтықта орналасқан кезде ұйымдастырылады.
Қосшы қаласының оқушыларын тасымалдауды ұйымдастыруға 5 мектеп автобусы, оның ішінде Қосшы ауылының №1 ОМ 3 мектеп автобусы және Қосшы ауылының №2 ОМ 2 мектеп автобусы жұмылдырылды.
Мектептен 3 километрден астам қашықтықта тұратын барлық оқушылар ата-аналарының өтініші бойынша тасымалдаумен 100% қамтылған.