«Педагогикалық қызметтегі шеберлік пен шығармашылық» тақырыбында облыстық әдістемелік вебинар
19.02.2026
2026 жылғы 18 ақпанда ZOOM платформасында «Педагогикалық қызметтегі шеберлік пен шығармашылық» тақырыбында облыстық әдістемелік вебинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені насихаттау арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Вебинарға Целиноград, Шортанды және Қорғалжын аудандарының педагогтері қатысып, авторлық бағдарламалар мен инновациялық тәжірибелерін ұсынды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, шығармашылық әлеуетті дамыту жолдарын талқылады.
Шара кәсіби ынтымақтастықты нығайтып, өңір педагогтерінің тәжірибе алмасу алаңына айналды.
Просмотров: 1017