"Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» конкурсы
24-қыркүйек күні Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, "Жұлдыз" балабақшасы МКҚК дене шынықтыру нұсқаушысы А.А.Габидуллина Астана қаласының №53 «Мерей» балабақшасы базасында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық байқауына қатысты.
Облыстық кезең жеңімпаздары Үлгілік бағдарлама мазмұны мен балалардың жасына сәйкес кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекет бойынша өздерінің үздік тәжірибелерін ортаға салды.