«Алтын тұғыр» олимпиадасы
31.10.2025
2025 жылғы 31 қазан күні Талапкер ауылының мектеп-гимназиясында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» олимпиадасы өткізілді. Аталған олимпиадаға аудан бойынша 49 мектептен 186 бастауыш сынып мұғалімі қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар облыстық кезеңге жолдама алады.
Просмотров: 1526