Республикалық «Алтын түлек» математикалық олимпиадасы басталды!
14.10.2025
«Ақмола дарыны» орталығы мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен 10–11 сынып оқушылары арасында 2025–2026 оқу жылындағы республикалық «Алтын түлек» математикалық олимпиадасы өтеді.
🔹 I кезең – мектепішілік: 17 қазан 2025 ж.
🔹 II кезең – өңірлік (аудандық): 28 қараша 2025 ж.
🔹 III кезең – республикалық: 3 сәуір 2026 ж.
🧠 Олимпиаданың мақсаты — дарынды оқушылардың логикалық және математикалық ойлау қабілетін дамыту, үздік түлектерге жоғары оқу орындарының гранттарына жол ашу.
Барлық кезеңдер қазақ тілінде өткізіледі.
📅 Тіркеу 6 қазаннан басталды!
Қатысушыларды тіркеу мен тапсырмаларды жүктеу 👉 altynsaqa.online платформасында жүргізіледі.
✨ Дарынды түлектерге сәттілік!
Әдістемелік кабинет
Просмотров: 1924