CALL-ЦЕНТР
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
📅 2025 жылғы 5 сәуір күні 10-11 сынып оқушыларына арналған
VI республикалық «Алтын түлек» математикалық олимпиадасы
Көкшетау қаласында Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің базасында өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері – математика пәні бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтап, жалпы білім беретін мектептердің оқушыларын қолдау, жоғары сынып оқушыларын ғылымға баулу және педагогикалық, инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылықтарын ояту, математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі еспетерді шешуге дағдыландыру.
Олимпиада мемлекеттік тілде офлайн форматта ұйымдастырылды.
Олимпиада қорытындысы бойынша 10-сынып оқушылары арасында І-дәрежелі дипломмен Ақмол ауылы мектеп-гимназиясының оқушысы Тулеуова Айзере жетекшісі Бегалы Ақылжан, ІІ-дәрежелі дипломмен Қоянды ауылы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Лепесбаева Алуа жетекшісі Рамзия Тана, Қызылсуат ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Кеңес Мақсат жетекшісі Нығметжановна Мейрамгуль Каменовна марапатталды, ІІІ-дәрежелі дипломмен Ақмол ауылы мектеп-гимназиясының оқушысы Жандильдина Ақжан жетекшісі Ілияс Фатиха, Төңкеріс ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Акшалов Бауыржан жетекшісі Мырзагалиева Назымкуль Болекбаевна марапатталды.
Олимпиада қорытындысы бойынша 11-сынып оқушылары арасында І-дәрежелі дипломмен Қоянды ауылы мектеп-лицейінің оқушысы Дәулетұлы Бектас жетекшісі Оган Орнек, ІІІ-дәрежелі дипломмен Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Жұмағали Аяла жетекшісі Сахитхан Дәмен, грамотамен Жарлыкөл ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Өмірбекқызы Арайлым жетекшісі Басжанова Нұржамал Каменовна марапатталды.
Шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!!!