CALL-ЦЕНТР 
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
Ұйымдар тізімі
29.04.2026 жылы Родина ауылының «Солнышко»бөбекжайында «Ойын мен театрды ұйымдастырудың заманауи әдістері» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдарда ойын және театр қызметін ұйымдастырудың тиімді, заманауи тәсілдерін тәжірибе алмасу арқылы жетілдіру болды. Іс-шара барысында педагогтар өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісіп, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған түрлі әдіс-тәсілдерді көрсетті.
Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды. Әсіресе, педагогтар мен тәрбиеленушілердің сюжеттік-рөлдік ойындарды шебер ұйымдастыруы, балалардың сахналық мәдениеті мен белсенділігі ерекше атап өтілді.
Іс-шара қорытындысында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын білдіріп, тәжірибелік маңызы жоғары семинар ретінде бағалады.