"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Целиноград ауданы педагогтерінің арасында өткен бірінші аудандық үстел теннисі турнирі-2024

20.12.2024

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі Софиевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Целиноград ауданы педагогтерінің арасында өткен бірінші

аудандық үстел теннисі турнирі-2024

11.12.2024ж. Целиноград ауданы «Софиевка ЖОББМ» КММ-де Целиноград ауданы педагогтерінің арасында бірінші аудандық үстел теннисінен турнир өтті.

Спорттық турнирінің негізгі мақсаты – ұстаздар арасында салауатты өмір салтын, белсенділікті, ептілікті насихаттау. Ұстаздардың үлгісі арқылы оқушыларды дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Аудандық турнир мемлекеттік ән ұранмен басталып, Софиевка мектебі оқушыларының өнерлерімен жалғасты. Сайыс қатысушылары әсем ән мен бишілердің өнерін, спорттық жойқын әдіс-тәсілдерді тамашалады. Аудандық білім бөлімінің өкілдері өздерінің лебіздерін білдіріп, жарысқа қатысушыларға ақ жол тіледі.

Жарысқа Целиноград ауданы мектептерінен барлығы 89 мұғалім қатысты.

Алдын ала келісілген ережеге сай спортшылар жас айырмашылығына және топтарға бөлінді.

1. 45 жастан асқан әйел мұғалімдер арасында барлығы 8 спортшы қатысты. Тартысты өткен кездесу нәтижесі:

І-орын - Төңкер Айгүл (Софиевка) 

ІІ-орын - Мұса Гүлмайра (Софиевка)

ІІІ-орын – Тишыбаева Баян (Жарлыкөл)

2. 45 жастан асқан ер мұғалімдер арасында барлығы 18 ұстаз қатысты. Қорытынды есеп нәтижесі:

І-орын - Хабылхан Мейрам (Қоянды №1) 

ІІ-орын - Жүнісов Бақберген (Ақмол МГ)

ІІІ-орын – Шакиров Асылхан (Төңкеріс)

3. 45 жастан дейінгі әйел мұғалімдер арасында барлығы 15 спортшы қатысты. Қорытынды есеп нәтижесі:

І-орын – Кашкимбаева Гулдана (Қабанбай батыр ОШ)

ІІ-орын - Мұханбетқалиева Аида (Қызылжар)

ІІІ-орын – Камолдинова Үмітгул (Қараөткел мектеп-лицейі)

4. 45 жастан дейінгі ер мұғалімдер арасында барлығы 48 үміткер қатысты. Олар жеребе арқылы 8 топқа бөлінді. Әр топтан 2 спортшыдан шығып, олар 1/8, 1/4, 1/2 және финалдық ойындарды ойнады. Қорытынды есеп нәтижесі:

І-орын – Рахимов Ермек (Талапкер ОМ)

ІІ-орын - Молдабаев Дүйсенбай (Софиевка)

ІІІ-орын – Қыстаубаев Жанарыс (Қабанбай батыр ЛМ)

Жарыстан жүлделі орын алған барша әріптестерді құттықтаймыз!

 

Просмотров: 1611


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст