CALL-ЦЕНТР
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну" ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығы негізінде ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметті алу үшін аудандық білім бөліміне немесе білім беру ұйымына (мектептерге) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш береді.
Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады www.egov.kz
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай – ақ порталға жүгінген кезде-бес жұмыс күні. Құжаттарды қабылдау сәті Мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жалпы білім беретін мектепте тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы анықтама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – тәулік бойы.