"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа технологияларды қолдану арқылы баланың шығармашылық қабілетін дамыту

14.01.2026

12 қаңтар 2026 жылы            “Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім беру бөлімінің жанындағы Ыбырай Алтынсарин ауылының “Күншуақ” бөбекжайында «Жаңа технологияларды қолдану арқылы баланың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында мазмұнды семинар-практикум жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.

Аталған іс-шараға аудан білім бөлімінің  әдіскерлері Ибраева Ж.И; Жанауова Г.С мен мектепке дейінгі ұйымдарынан келген педагогтер  және шағын орталықтардың мұғалімдері қарсы алынып, семинар бағдарламасына сәйкес тәжірибе алмасу алаңы құрылды. Семинар барысында кіші, ортаңғы, ересек және мектепалды даярлық топтарында түрлі форматтағы ұйымдастырылған іс-әрекеттер көрсетілді. Атап айтқанда, шығармашылық бағыттағы сайыстар, сюжеттік-рөлдік ойындар, заманауи педагогикалық технологияларды тиімді қолдану арқылы өткізілген оқу іс-әрекеттері қатысушылардың жоғары қызығушылығын тудырды.

Педагогтер семинар тақырыбы аясында өздерінің озық іс-тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби пікір алмасу жүргізді. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Бестемше» ойыны бойынша аудандық бірлестік отырысы өткізіліп, оның тәрбиелік және дамытушылық маңызы жан-жақты талқыланды.

Іс-шараның көркін аша түскен концерттік бағдарламада музыка жетекшілері мен хореограф педагогтердің орындауындағы әсерлі шығармашылық нөмірлер ұсынылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Аталған семинар педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, жаңа идеялар мен инновациялық тәжірибелерді кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды алаңға айналды.

  • WhatsApp Image 2026-01-14 at 18.21.10.jpeg
  • WhatsApp Image 2026-01-14 at 18.21.09.jpeg
  • WhatsApp Image 2026-01-14 at 18.21.09 (2).jpeg
  • WhatsApp Image 2026-01-14 at 18.21.08.jpeg
  • WhatsApp Image 2026-01-14 at 18.21.09 (1).jpeg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст