Целиноград ауданының білім беру ұйымдарында (балабақшаларында және мектептерінде) ерекше білім алу қажеттіліктері бар азаматтардың толыққанды инклюзивті білім алу сапасына мониторинг жүргізілді
"Нұр Отан" партиясының "Кедергісіз келешек"- "Будущее без барьеров" жобасы аясында 10-19 сәуір аралығында Целиноград ауданының білім беру ұйымдарында ерекше білімді қажет ететін балаларға сапалы жағдай жасау үшін 17 нысан бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді. Топ мүшелері мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қолайлы ортаны қалыптастыру бойынша жұмыс барысымен танысып, аталған бағыт бойынша мониторинг жасалды.




