CALL-ЦЕНТР
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
2024 жылдың 28 қараша күні Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Дмитриевич Кочетов «Жұлдыз» балабақшасына жұмыс сапарымен келді. Ең алдымен балабақшаның дәлізінде балалардың сюжеттік-рөлдік ойындар ойнап жатқанын бақылады. Кейін қысқы бақ, бассейн, музыка залы, сурет салу студиясы, дене шынықтыру залы, хореография, кітапхана, қазақ тілі кабинеттерінде күнделікті жоспарға сай өтіп жатқан ұйымдастырылған іс-әрекеттерді тамашалады. Меңгеруші Ольга Анатольевна Баранова балабақшаның өмірі туралы, барлық жұмыс біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде және заман талабына сай жұмыс жүргізіліп жатқанын айтып өтті.