"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы

20.01.2020

2020 жылғы15 қаңтарда бүкіл ел бойынша«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы басталады.

Акцияның мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Акцияны өткізудің орны және кезеңі: республиканың өңірлерінде, 2020 жылғы 15 қаңтардан бастап 15ақпанға дейін.

Қатысушылардың сапалық құрамы: мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар, мүдделі мемлекеттік органдардың, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың, ата-аналар қауымдастығының, мекемелердің, еңбек ұжымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, жергілікті полиция қызметтерінің өкілдері  және т.б.

Акцияның мазмұны және форматы:

Ұраны - «Қауіпсіз мектеп автобусы үшін».

Акция аясында жоспарланған:

        Мектептіктасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін зерделеу

- автокөліктің техникалық талаптарға сәйкестігін, балаларды білім беру мекемелеріне тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автокөліктердің техникалық байқаудан өтуін, жүргізушілердің құрамын (тиісті санаттарының болуына, жүргізушінің өтілі, жолда тәртіп сақтау әдеттері) тексеру, қозғалыс схемасының бар болуы;

- мектепке кірме жолдарының қауіпсіздігі (аумақты жарықтандыру, «Балалар» белгісінің бар болуы, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдерді, «жатқын полицейлер» жасанды жол кедергісін және т.б. құру);

- балаларды тасымалдайтын көлік құралдарында (автобустарда) арнайы жарық (жарық түсіргіш шамшырақшалар) және дыбыс сигналдарының бар болуы;

- мектепке кірме жолдарында, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдердің маңында қолданыстағы бейнебақылау камераларының бар болуы;

- жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуын болдырмау туралы және жол қозғалысының қауіпсіздігі тақырыбында мектеп автобустарының жүргізушілерімен нұсқамалар жүргізу, сондай-ақ балаларды көлік құралдарына отырғызу және түсіру кезінде мектеп автобустары жүргізушілерінің міндетті түрде апаттық дабыл қағуды қолдану;

Баршаңызды осы акцияға белсенді қатысуға шақырамыз.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 20.01.2020 11:32
Құрылған күні: 20.01.2020 11:39

Текст