"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ақпарат «Целиноград ауданының білім бөлімі» ММ Қамқоршылық және қорғаншылық органы

22.09.2020

Целиноград ауданы білім бөлімінің Қамқоршылық және қорғаншылық органы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығымен бекітілген «Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына» сәйкес келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

1) «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру»;

2) «Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру»;

3) «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу»;

4) «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы төлеуді тағайындау»;

5) «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»;

6) «Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»;

7) «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау»;

8) «Он жасқа толған баланың пiкiрiн ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру».

Бүгін өзіміздің мақаламызда «Он жасқа толған баланың пiкiрiн ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру» мемлекеттік қызметін түсіндіргіміз келеді.

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 62-бабына сәйкес, бала отбасында өз мүдделерiн қозғайтын кез келген мәселенi шешу кезiнде өзiнiң пiкiрiн бiлдiруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкiмшiлiк iсін қарау барысында тыңдалуға құқылы. Бұл өз мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, он жасқа толған баланың пiкiрi міндетті түрде ескерiлуге тиіс. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар немесе сот он жасқа толған баланың және заңды өкілдердің қатысуымен өзі берген келiсiмiмен ғана шешiм қабылдай алады.

Баланың пікірі ата-аналарының немесе баланың тұратын жері бойынша басқа да заңды өкілдердің қатысуымен қабылданған, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның шешімімен ресімделеді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 13 бабы 3-тармағына сәйкес «Ортақ бiрлескен меншiктегi тұрғын үйдiң иеліктен шығарылуына барлық меншiк иелерiнiң келiсiмiмен ғана жол берiледi. Егер мәмiле тұрғын үйдiң меншiк иелерi болып табылатын кәмелетке толмағандардың мүдделерiн қозғайтын болса, қорғаншы және қамқоршы органның келiсiмi талап етiледi».

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығымен бекітілген «Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына» сәйкес "Он жасқа толған баланың пiкiрi ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті  алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Он жасқа толған баланың пiкiрi ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісім алады. Құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші             4 (төрт) жұмыс күні ішінде кәмелетке толмаған баланың ата-анасының немесе басқа заңды өкілінің (өкілдерінің) қатысуымен оның пікірін ресімдеу үшін баламен (балалармен) әңгімелесу өткізеді. Көрсетілетін қызметті беруші кәмелетке толмағанмен(-дармен) әңгімелесу өткізілгеннен кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорғаншы және қамқоршы органның он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы шешімін немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды. Көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде шешімді не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды. Құжаттарды қараудың және шешім алудың жалпы мерзімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

Толық ақпарат алу үшін Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34 мекенжайы бойынша орналасқан Целиноград ауданы білім бөлімінің Қамқоршылық және қорғаншылық бөліміне хабарлассаңыздар болады.

Бас маман: А. Елеуова;

Әдіскер: С. Тасыбай

Просмотров: 1151


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст