"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ ТАЛАПКЕР АУЫЛЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМДІ ҚОЛДАУ ҮШІН РЕСУРСТ КАБИНЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫ ҰСЫНЫЛДЫ

04.02.2021

2021 жылы 3 ақпанда, «Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы білім беретін мектебі»  КММ базасында инклюзивті білім беруді қолдау жөніндегі Ресурстық кабинетінің презентациясы өтті. Бұл кабинет ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне тиімді қосу үшін жағдай қажет. Ресурстық кабинет АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің шағын гранттар бағдарламасының қолдауымен Ақмола облыстық білім басқармасы мен «Дара» жеке қорының «КЕДЕРГІСІЗ МЕКТЕП» бірлескен жобасы аясында ашылды.

 

Инклюзивті білім беру - бұл баршаға сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз етуге арналған білім беру жүйесін қайта құру бағыттарының бірі.

Целиноград ауданы бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар саны 1067 құрап отыр. Оның 250-і 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар.

Мектептегі инклюзивті білім беруді қолдау Ресурстық кабинеті - бұл төрт аймақтан тұратын заманауи кеңістік. Атап айтқанда: ата-аналарға кеңес беру аймағы, баланың демалу аймағы, мұғалімдер мен мамандардың ұжымдық жұмыс аймағы, сонымен қатар жеке сабақтар өткізуге арналған аймақ. Осылайша, мектепте кез-келген білім алушы баланың дамуына қолайлы жағдай жасайды. Ресурстық кабинетте үйде оқытылатын балаларға ерекше назар аударылады. Әрине, ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балаларға мектеп пен мұғалімдер тарапынан мынадай кешенді және жүйелі білім беруді талап етеді - әдістемелік, ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдау, қоршаған ортаға бейімделу, жеке білім беру маршруттарын құру, ал кейбір жағдайларда арнайы мұғалімдердің қолдауы. Сонымен қатар, облыстық білім басқармасымен бірге мұғалімдерді оқыту, Қазақстанның басқа аймақтарындағы мектеп өкілдерімен тәжірибе алмасу, сондай-ақ жалпы орта және арнайы білім беру жүйелерінің мамандары арасында топтық жұмыс жасау жоспарлануда.

2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2025 жылға дейін инклюзивті білім беруді қолдау жөніндегі ресурстық кабинеттер желісін кеңейту бойынша облыста инклюзивті білім беруді қолдау бойынша тағы 6 кабинет ашу жоспарланып отыр.  Қазіргі таңда ауданда инклюзивті білім беруді қолдау бойынша 1 ресурстық кабинет жұмыс істейді.

Ақмола облысының білім басқармасының, Дара қорының, АҚШ елшілігінің өкілдері, Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшелері, облыстық оқу-әдістемелік кабинеттің әдіскерлері, аудандық (қалалық) білім беру ұйымдарының басшылары, инклюзивті білімге жауапты әдіскерлер, «Инклюзивті білім беруді қолдау ресурсттық кабинетінің» ашылуы жоспарланған жалпыға білім беру ұйымдарының директорлары., сондай-ақ АҚШ Елшілігінің шағын гранттар бағдарламасының қолдауымен ашылған Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарынан (Петропавл, Шахтинск, Ақтау) инклюзивті білім беруді қолдау жөніндегі ресурстық кабинетінің өкілдері қатысты.

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 04.02.2021 15:51
Құрылған күні: 04.02.2021 15:52

Текст