"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагогикалық идеялар" фестивалінің аудандық кезеңі өтті

18.01.2024

2024 жылдың 17 қаңтар күні Целиноград  ауданының білім бөліміне қарасты «Ақмол ауылының ЖОББМ» КММ   базасында Республикалық "Педагогикалық идеялар" фестивалінің аудандық кезеңі болды.
Фестивальдің мақсаты: жаңаша идеялармен жобалар үстінде жұмыстар атқару.
Жаңашылдыққа бейім педагогтердің ойларын тыңдай отырып, тәжірибелерімен бөлісу.
Фестиваль мынадай бағыттарда өтті.
«Білім беру жүйесіндегі менеджмент» (білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары);
«Шеберлік палитрасы» (пән мұғалімдері);
«Шығармашыл толқын» (бастауыш сынып мұғалімдері);
«Сабақ аяқталған соң...» (сынып жетекшілері);
«Психолог сандықшасы» (психологтар).
Айта кететін, мұғалімнің кәсіби шеберлігі,ең алдымен, мақсат-міндеттерді дұрыс шешуден басталады. Қазіргі білім мен техниканың дамыған кезеңінде ұлттық құндылықтарымыз шетелден еніп келе жатқан түрлі мәдениет ағымына көміліп қалмас үшін, жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті етіп тәрбиелеу – басты мақсат болып табылады. Ал міндетіміз – жеке тұлғаның өзіндік көзқарасын қалыптастыру және оны қорғай білуге үйрету, оқушыларға тілді меңгерте отырып, белсенділіктерін арттыру, ақыл-ой, таным қабілеттерін дамыту.
Мұғалімнің кәсіби құзырлылығын қалыптастыруда кәсіби шеберліктің қаншалықты маңыздылығын айқындау мақсатында басқа мемлекеттердегі шеберлікті шыңдау, біліктілігін арттыру тәсілдерін зерттеп көрдік. Фестиваль нәтижесінде әр бағыт бойынша үздіктер анықталып, облыстық кезеңге жолдама алды. Қатысқан барша үміткерлерге алғыс білдіреміз.
Кемеңгер ойларыңыз зейінмен ашыла берсін.

Просмотров: 1136


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст