"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды жүргізу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурс

27.11.2023

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» ММ “Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге  және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы” ҚР Оқу ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына (2023 жылғы 05 қыркүйектегі №280 Бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қоса алуға) конкурс жариялайды. 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін мектепке дейінгі ұйымдар мынадай құжаттарды ұсынады:

14. Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;

 3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;

 4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;

 5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі (бар болса).

 15. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін Комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың барын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:

1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар;

2) медициналық қызметке лицензиялар;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар;

4) "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының нормативтік құқықтық актілерді тіркеу № 28566 тізілімінде болып тіркелген) сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі - № 29/қе бұйрық);

5) Конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.".

 

 

Құжаттарды қабылдауды Ақмола облысы білім басқармасының «Целинорад аудандық

білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарландыру

орналастырылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

 Мектепке дейінгі ұйымдар басшы қол қойған және мөрмен расталған құжаттарды Ақмола облысы білім басқармасының «Целиноград аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің электрондық поштасына электрондық форматта жібереді.

 Құжаттарды электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда көрсетілген құжаттарды мектепке дейінгі ұйым білім беруді басқару органдарына қағаз форматта жібереді.

Конкурстық рәсім 16 жұмыс күнін құрайды. Осыған дейін мемлекеттік тапсырыс орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдар осы Қағидалардың      14-15 тармағында көрсетілген  құжаттарды өзектендірлген жағдайда ұсынған жағдайда осы Қағидаларда көзделген тәртіппен келесі күнтізбелік жылға арналған мемлекеттік тапсырыс орнатылған мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізіледі.

   

 Конкурсты өткізу орны және күні: 

 Ақмола облысы білім басқармасының «Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында конкурстық комиссия мүшелерімен белгіленген күні өткізіледі.

Ақпаратты түсіндіру үшін байланыс телефондары, электрондық пошта мекен-жайлары:

Телефон: 8-716-51-30-534; Электрондық пошта: zelinograd@mail.ru

Мекен – жайы: Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34, 3 қабат.

Просмотров: 1400


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст