"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Кедергісіз орта-келешек кепілі!»

17.02.2020

     Елбасы «Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында елімізде мүгедектерді, ерекше білім беруді қажет ететін жандарды жұмысқа орналастыруға , білім алуға көмектесуге және олардың белсенді өмір сүруіне ықпал жасауға байланысты маңызды тапсырмалар берген болатын. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 326 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды» негізге ала отырып ерекше білімді қажет ететін жандарға кедергісіз орта құру баршамызға ортақ әрі жауапты міндет екенін ұмытпағанымыз абзал.

    Қазіргі таңда, аудан бойынша 639 ерекше білім беруді қажет ететін балалар тізімде тұр. Оның мектепке дейінгі ұйымдарда 171 бала, 440 оқушы мектептерде білім алуда болса, 74 оқушы денсаулығына байланысты үйде оқытылуда.

Қолжетімді орта құру мақсатында ауданның мектепке дейінгі және білім беру ұйымдарында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ, 45 мектептің 42 мектебінде пандустар, тұтқалар,сары жолақтар және 12 мемлекеттік балабақшаларда талапқа сай жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар, жыл сайын тілінде кемшілігі бар балаларды оңалту мақсатында логопедтік пунктар ашылуда.

     Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту-біздің қоғамның басты міндеті деп  деп білеміз!



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 17.02.2020 17:08
Құрылған күні: 17.02.2020 17:08

Текст