CALL-ЦЕНТР
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
2017 жылғы 20 - 21 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеу шеңберінде Астана қаласында кезекті «Балаға мейірімді Қазақстан» атты республикалық балалар форум-фестивалі (бұдан әрі –Форум-фестиваль) өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің, Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы бойынша уәкіл және Қазақстандағы БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырды.
Балалар Форум-фестиваліне Целиноград ауданынының қоғамдық ұйымдарының көшбасшылары, республикалық және халықаралық интеллектуалды олимпиадалардың және шығармашылық байқаулардың жеңімпаз оқушылары: Қоянды а. ОМ – Халел Әділ, Қосшы а. ОМ – Шакратов Руслан, Қараөткел а. ОМ – Жукенов Нурлан, Қажымұқан а. НМ – Кеңесов Алпамыс қатысты.
Форум-фестивалге қатысушы балаларға республикада балалар қозғалысын ұйымдастырудағы және жандандырудағы өзекті мәселелерді талқылап, балалардың шығармашылық, ғылыми, қоғамдық әлеуетін көрсетіп, балалар ұжымының арасында шығармашылық байланысты нығайтып, шешім қабылдауға қатысудағы балалардың құқықтарын жүзеге асыруға арналған алаңдар ұйымдастырылды.
Форум-фестивальге қатысушы балалар Астананың көрнекті жерлерін аралады.
Форум-фестивальдің салтанатты соңы Форум-фестивальге қатысушылардың гала-концертімен аяқталды.
Форум-фестивальге қатысушы балаларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.