"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 111 жыл» толуына орай аудандық семинар.

20.02.2023

Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 17.02.23ж күні Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күніне  арналған «Тарих толқынындағы менің ауылым» атты аудандық тарих пәні мұғалімдерінің әдістемелік семинары өтті. Семинарға тіркеу QR-код арқылы өткізілді. Семинарға ауданымыздың 40 шақты тарих пәні мұғалімдері мен аудандық білім бөлімінің әдіскері Корганбеков Е.С. келді.  Бүгін семинарда ұлт тұлғасы, қоғам қайраткері, Қазақстанның гүлденуі мен өркендеуіне үлес қосқан Дінмұхамед Қонаевтың өмір тарихынан сыр шертетін мағұлматтар мен сындарлы сағатта елі үшін атқарған игі істері туралы деректері ұсынылды.

Семинардың басы 9-10 сынып оқушылары арасында «Ұлы тұлға тағлымдары» атты дөңгелек үстелден басталды, өткізген тарих пәні мұғалімдері Нарбаева Н.Н. мен                     Рапишев М.Е. Дөңгелек үстелде Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмірбаяны, еңбек жолы баяндалып, мұражай мен көзкөрген замандастарының естеліктері көрсетілді.
 

       7 «Г» сыныбында «Восстание сипаев в Индии» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Рахметова Ш.М. ашық сабағы өткізілді. Сабақта топтық жұмыс, сараланған тапсырмалар, жеке жұмыстар, «ПОПС» әдістері қолданылды.

8 «Г» сыныбында «Ахмет Байтурсынов – учитель нации» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Имамбекова Р.Н. ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында А.Байтұрсыновтың көшбасшылық қасиеттері, «Қазақ» газетінің ұйымдастырушысы мен «Алаш» партиясының негізін қалаушы ретінде топтық жұмыстар ұйымдастырылды. Сабақта «жұлдызды сұрақтар», «ментальды карта» әдістері қолданылды.

8 «А» сыныбында «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстаз» атты тақырыпта ашық сабақты өткізген тарих пәні мұғалімі Шарденбаева С.С. Сабақта топтық және жеке жұмыс, «Ақынға хат» әдістері қолданылды.

10 «В» сыныбында «Улус Джучи как евразийская держава» тақырыбында тарих пәні мұғалімі Латыпов М.М. ашық сабақ өткізді. Сабақта қолданылған әдістер: «Қатені ұстаңыз», топтық жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыстар жасалды.

Кофе-брейк кезінде семинар барысындағы өткізілген іс-шараларды қатысушылар видеорепортаж арқылы көрді .

Семинардың соңында «Тарих толқынындағы менің ауылым» атты іс-шара акт залында өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырған тарих пәні мұғалімдері Шарденбаева С.С. мен Рахметова Ш.М. Іс-шараның мақсаты әр тұлғаның бойында өз туған өлкесін тарихын танып, құрметпен қарау.

Просмотров: 173


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст