"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық «Жас тарихшылар ме нөлкетанушылар» форумы

18.10.2022

Целиноград ауданы Қажымұқан жалпы орта білім беру мектебінде аудандық «Жас тарихшылар мен өлкетанушылар»форумының аудандық кезеңі өткізілді. Форумға ауданымыздың он бес мектебінен 18 қатысушының өтінімі келіп түсті. Байқаудың мақсаты ұлттық сана-сезімін, ұлттық рухтың, патриотизм рухының жоғары болуына тәрбиелеу. 8-10 сынып оқушыларының арасында өткен ғылыми жобалар сайысы «Археология», «Тарихи өлкетану», «Өлкетанулық туризм»номинациялары бойынша өтті. Ережеге сәйкес әр номинация бойынша оқушылар өз елді-мекендерін, өз еліне елеулі із қалдырған есімдер туралы жұмыстарын ұсынды. Бағдарламаға сәйкес, Талапкер ЖББО, Ы.Алтынсарин ЖББО, Ынтымақ ауылы ЖББО, Қоянды №1, Қоянды №2 және Софиевка ЖББО мектептері«Жетістіктер көрмесін» ұйымдастырды. Көрме үйірме жұмыстары, мұражай, шығармашылық есебіне негізделді.

«Археология» номинациясы бойынша І орын – Софеевка ауылының ЖОББМ 10 сынып оқушысы Жамағатхан Роза, ІІ орын – Қоянды ауылының №2 ЖОББМ Иманғалиқызы Айданақ мадақтамамен марапатталды.

«Тарихи өлкетану» номинациясы бойынша І орын –  Қажымұқан ауылының ЖОББМ 9 сынып оқушысы Кеңес Ұлжан,  ІІ орын – Талапкер ауылының ЖОББМ  9 сынып оқушысы Әділхан Фарида, ІІІ орын  – Жаңаесіл ауылының ЖОББМ 8 сынып оқушысы  Яцук Роксана Васильевна мадақтамамен марапатталды.

«Өлкетану туризм» номинациясы бойынша І орын – Қоянды ауылының № 2 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Адал Кербез,  ІІ орын Қоянды № 1 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Бухат Аружан , ІІІ орын -  Р.Қошқарбаев ауылының ЖОББМ 9 сынып оқушысы Тасболат Айгерім иеленді.

Форумға белсенділікпен  қатысқандары үшін барлық қатысушы білім алушыларға сертификат берілді.

Просмотров: 363


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст