CALL-ЦЕНТР
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес және жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сыныптың шығармашыл оқушылары арасындағы «Ақберен» республикалық өнер байқауын аудандық кезеңі Целиноград ауданы бойынша қыркүйектің 26-ы күні Қажымұқан ауылына қарасты орта мектебінде өтті. Байқауға ауданға қарасты мектептерден 64 оқушы қатысты.
Байқаудың мақсаты мен міндеті: 8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарынынын таныту, олардың шығармашылық қабілеттеріне (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б.) қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу.
Байқау 6 номинация бойынша өткізілді:
1) Шешендік, білгірлік сайысы;
2) Көркемсөз оқу;
3) Эссе жазу;
4) Ұлттық аспапта өнер көрсету;
5) Ақындар айтысы;
6) Ақындар мүшәйрасы.
Аудан байқауынан жүлделі 1 орынды иеленіп облыстық байқауға жолдама алған оқушылар:
Софиевка ауылы орта мектебінің оқушысы Жамағатқан Роза, Қоянды №2 орта мектебінің оқушысы Жанболат Абдурахман, Қараөткел ауылы мектеп гимназиясының оқушылары Амангелді Жүрсін мен Октябр Жібек, Қоянды ауылы №1 орта мектебінің оқушысы Бақытқызы Әсемай, Жаңаесіл ауылы орта мектебінің оқушысы Айкен Алтынай жеңімпаздарымызға алдағы байқауда сәттілік тілейміз