"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Целиноград ауданы білім бөлімі» ММ «І облыстық инклюзивті білім беру фестивалінен» 1 орынға ие болды!

01.03.2019

2019 жылы 27 ақпанда Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжде Ақмола облысы және Қазақстан Республикасы бойынша  «І облыстық инклюзивті білім беру фестивалі» өтті.

     Фестивальға білім беру ұйымдарының инклюзивтік тәжірибесін енгізу бойынша тірек балабақшалар, жалпы білім беретін мектептер, колледждер, сондай-ақ аудандық (қалалық) білім бөлімдері қатысты.

     Фестивальді Ақмола облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Валерий Георгиевич Гамазов ашты.

     Фестивальдің арнайы қонақтары Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының инклюзивті білім беруді дамыту орталығының директоры Ж. О. Жылбаевтың атынан құттықтау хатын оқып, табыс етті.

     "Кедергісіз келешек" партиялық жобасын жүзеге асыру аясында "Нұр Отан" партиясы Ақмола филиалы төрағасының орынбасары А. Д. Біржанов құттықтау сөз сөйлеп, фестивальдің номинанттарына алғыс хаттар табыс етті.

-Тірек балабақшалар арасынан диплом және бағалы сыйлықтарға Степногорск қаласы т"Балауса" бөбекжай-бақшасы «Мектепке дейінгі тірек білім беру ұйымдары" номинациясына;

– тірек мектептер арасынан: Ақкөл ауданы № 4 Ақкөл орта мектебі «Тірек жалпы білім беретін мектептер" номинациясына;

– техникалық және кәсіптік ұйымдар аласынан: Бурабай ауданы Щучинск қаласы"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары-жоғары педагогикалық колледж» номинациясына;

– білім бөлімдері арасынан: «Целиноград ауданының білім бөлімі» ММ "Аудандық (қалалық) білім бөлімдері" номинациясына ие болды.

Облыстық ресурстық орталықтар – Көкшетау қ. № 7 "Айша" балабақшасы, Көкшетау қ. № 19 орта мектебі, Көкшетау қ. № 1 құрылыс-техникалық колледжі, Көкшетау қ. инклюзивті тәжірибелерді енгізу және тарату бойынша белсенді қызметі үшін фестивальдің арнайы дипломдарымен марапатталды.

     Фестивальге қатысушы барлық білім беру ұйымдарына инклюзивті білім беру бойынша сертификаттар мен әдістемелік құралдар жиынтығы тапсырылды.

 

Просмотров: 882


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст