Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға білім беру мәселесі еліміздің қазіргі әлеуметтік және білім беру саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. 2019 жылы «BI-Жұлдызай» корпоративтік қайырымдылық қоры, жиған іс-тәжірибе мен ТМД елдерінде және алыс шетелге танымал еліміздегі жалғыз инклюзивті балалар жобасына деген қызығушылығын ескере отырып, «Жұлдызай жеңуді үйретеді!» фестивалін халықаралық форматта өткізуге бастама білдірді. Бұл жобаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген балалар қатыса алады. 26 ақпан күні Ақмол ауылы №5 орта мектебінде " Жұлдызай " Халықаралық фестивалінің облыстық іріктеу кезеңі өтті.
Фестиваль ұраны: "Жұлдызай жеңіске үйретеді!»
Байқауға Целиноград ауданының балалары қатысты: Талапкер ауылынан Шермұханбет Нұсұлтан, "Кавказ" биімен, Асадолла Альбинаның «қазақ» биімен,Қоянды орта мектебінен Давлетов Дастан «Ана-аке» әнімен , Тайтөбе орта мекбебінен Ахметкадир Малика өз өнерлерін ортаға салды. Қорғалжын және Астрахан аудандарының балаларыда фестивальге қатысты. Балалардың барлығыда сертификатпен марапатталды. «Болашақ» қайырымдылық қорының директоры Капанов Амангельди Шаукенович балаларға сыйлықтар табыстады.