"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Инклюзивті білім беру бойынша ресурстық орталықтың ашылуы туралы ақпарат

22.02.2019

Ақмола облысы білім басқармасының және "Дара" (Астана) жеке қорының "Біз – әртүрліміз,теңбіз: Қазақстанда инклюзивті қоғам құру" бірлескен жобасын жүзеге асыру аясында 22 ақпанда Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылының № 41 орта мектебінде инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды.

Ресурстық орталықтың негізгі мақсаттары:

- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу және кеңес беру;

-педагогтарға және мектеп әкімшілігіне консультациялық-әдістемелік көмек көрсету,

-бүкіл мектеп қоғамдастығы үшін ашық кеңістік құру болып табылады.

Ресурстық орталықтың салтанатты ашылуына Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А. Қ. Айткужинова, Целиноград аудандық білім беру бөлімінің басшысы К. Е. Ахметов, білім басқармасының бас маманы М. Ж. Темірбаева, "Дара" қорының жобалар мен бағдарламалар директоры М. С. Шешембекова, облыстық ПМПК меңгерушісі Р. Т. Санатова, аудандық әкімдік бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары мен ППТК мамандары, ата-аналар мен оқушылар қатысты.

 Қатысушылар  ресурстық орталықтың ашылуымен құттықтады. Өз сөздерінде аталған іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, мектеп ұжымына, ата-аналар мен оқушыларға шығармашылық табыс тіледі.

Ресурстық орталық базасында келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілетін болады:

* инклюзивті ортада оқыту кезінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар мен олардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету және кеңес беру;

* жалпы білім беретін мектеп педагогтары мен әкімшілігіне консультациялық-әдістемелік көмек көрсету;

* жеке білім беру бағыттарын, әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуге жәрдемдесу;

Просмотров: 1165


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст