"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша" Целиноград ауданының білім беру бөлімі " ММ қызметі туралы есеп үшін 2018 жыл

11.02.2019

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша" Целиноград ауданының    

        білім беру  бөлімі " ММ қызметі туралы есеп үшін 2018 жыл

 

1.Жалпы мәліметтер

1)  "Целиноград ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі»

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Наурыз көшесі, 34, 

телефон 30-393;30-540.

2)  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

    - 22  мемлекеттік қызмет көрсету:

1.Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру – 12

2. Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу - 8

3. Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру - 41

4. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою - 4415

5. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау - 3101

6. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау -6286

7.Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау- 65

8. Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау-1251

9. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну- 0

10. Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну - 1622

11. «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» -190

12. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру - 0

13. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру - 21

14.  Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау-1

15.  Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою - 16

16. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау - 2

17.  Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау -0

18.  Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру -37

19 . Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау -9

20. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау - 588

21. «Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуге рұқсат беру» - 0

22. Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншы және қамқоршы органның шешімін беру-0

2018 жылы барлығы 17664 Мемлекеттік қызмет көрсетілді:

- тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-22 қызмет

- көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны:

                                       - қағаз және (немесе) электрондық нысанда-13 қызмет;  

                                       - қағаз нысанда-9

3) барынша талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

    - Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау - 6286;

     - Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою - 4415;

     - Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау - 3001;

     - Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну - 1622;

      - Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау - 1251;

Қызмет алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:

Целиноград ауданы әкімінің сайты

"Целиноград ауданының білім бөлімі" ММ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Стенд, Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34;

Ауданның білім беру ұйымдарында орналасқан мемлекеттік қызметтер туралы стендтер, білім беру ұйымдарының сайттары.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат-жария талқылау жүргізілді;

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар ( түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар)) :

- 2018 жылы 2 семинар өткізілді, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша мәселе-2, БАҚ - на мақала орналастыру-8  ;

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің жаңа стандарттарын қабылдауымен мемлекеттік қызметтер тек мемлекеттік корпорация арқылы ғана емес, "электрондық үкіметтің" веб - порталы арқылы да көрсетілетін болады;»;

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс – шаралар-2018 жылғы 2-4 мамыр аралығында Ақмол ауылында 16 мектеп директоры және 22 балабақша меңгерушілері , орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалардың тізімі.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау:

1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат – шағымдар түскен жоқ;

2) ішкі бақылаумен Бөлім қызметінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. 5 тексеру жүргізілді.

3) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері – мониторинг жүргізілген жоқ.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары:

     Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында бөліммен мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Сонымен, 2018 жылы бөлімде БАҚ және ресми интернет - ресурстар арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы халықты уақтылы хабардар ету, Мемлекеттік корпорация мамандарымен семинарлар өткізу бойынша медиа-жоспар бекітілді.  Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының барлық параметрлерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді:

- Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

- "электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы қызмет алушыларды танымал ету және ақпараттандыру бойынша іс-шаралар өткізу»;

- Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

 

 

 

              Бөлім басшысы                                                                             Қ.  Ахметов

 

 

 

 

                 орын.Т.Алексеева

                 тел:8-716-51-30-540

 

Просмотров: 1331


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст